• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:04

Атырауда екі мектептегі сабақ онлайн өтіп жатыр

60 рет
көрсетілді

Бүгін Атырау қаласындағы екі мектептің оқушылары сабақты онлайн оқуға жіберілді. Бұған су құбырындағы апатты қалпына келтіру жұмысы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның ақпаратына қарағанда, «Нұрсая» шағын ауданындағы бірнеше қөпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарға су беру уақытша тоқтатылған.

«Д-315 мм су құбырында апатты қалпына келтіру жұмысы жүргізілуіне байланысты «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан сорғы стансаларының жұмысы уақытша тоқтатылады. Осыған орай 3 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін тұрғын үйлер мен нысандарға су беру тоқтатылады», деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Судың тоқтатылуына байланысты №38 мектеп-лицей мен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары сабақты онлайн форматта оқуға жіберілді. Сондай-ақ, №5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, «Нұрсая» және «Мирас» балабақшасына су беру уақытша тоқтатылды.