World Boxing-тің ұйытқы болуымен бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында 54 келіде Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Элина Базарова жарысты алғашқы айналымнан аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Париж олимпиадасының қатысушысы Нигина Уктамова отандасымызды 5: 0 есебімен жеңді. Жекпе-жек барысында Уктамованың пайдасына нокдаун да тіркелді.
Сонымен қатар жарыстың алғашқы күні шаршы алаңға шыққан Сағындық Тоғамбай англиялық Исаак Окодан басым түсті. Тартысты өткен бәсекеде 3: 2 есебі тіркеліп, отандасымыздың қолы көтерілді. 90 келіде ел намысын қорғайтын Сағындық Тоғамбай келесі жекпе-жегін 8 қыркүйек күні Ирландия өкілі Джек Марлейге қарсы өткізеді.