Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат жиналысында Imam AI жобасы таныстырылды. Енді діни-ағартушылық бағытта жасанды интеллект мүмкіндіктері пайдаланылатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікқанұлы таныстырған Imam AI жобасы – бұл діни сұрақтарға жедел жауап беруге негізделген интеллектуалды жүйе.
«Аталған жоба заманауи технологияларды қолдану арқылы жамағатқа жедел әрі сапалы ақпарат ұсынуды, сұрақтарға жедел жауап беру жүйесін қалыптастыруды көздейді», делінген хабарламада.
Айта кетейік, жоба пилоттық негізде биылғы мамыр айының басында жұмысын бастайды.
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Жиын барысында Наурызбай қажы Тағанұлы діни қызметтің сапасын арттыруда жаңа технологиялардың рөліне ерекше тоқталып, діни қызмет сапасын арттыруда жаңа технологиялардың рөлі жоғары екенін жеткізді.
ЖИ және мемлекеттік қызметтер: AlemGPT сервисінің мүмкіндіктері қандай?
Бас мүфти жауапты бөлімдерге жобаны уақытылы әрі сапалы жүзеге асыруды қатаң тапсырды.