Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы US Open турнирінде тарихи жетістікке жетіп, жартылай финалға жолдама алған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ITF Juniors рейтингінде 54-орында тұрған Нұрланұлы ширек финалда жарыстың 13-ші ракеткасы Тимофей Дерепаскомен кездесіп, 1,5 сағатқа созылған тартысты ойында басым түскен.
Енді ол финалға шығу үшін болгариялық Иван Ивановпен немесе германиялық Максим Шонхауеспен кортқа шықпақ.