• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:33

Мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетілді

20 рет
көрсетілді

Ертіс – Баян өңірінде «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр. Оның аясында 12 мыңнан аса балаға материалдық жәрдем жасалады.

Өңірлік білім беру басқармасының дерегінше, облыстың 12 мыңнан аса мектеп оқушысы көмекке зәру. Олардың дені – көпбалалы, аз қам­тылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балдырғандар.

 – Акция барысында жүргізілетін негізгі іс-шаралар бар. Олар әлеумет­тік аз қамтылған отбасыларға көмек көр­сету, қайырымдылық шараларын ұйым­дастыру. Демеушілердің есе­бі­нен оқушыларға мектепке қажет­ті құ­рал-жабдықтар, киім, аяқкиім, порт­фель мен кеңсе жабдықтары сатып алынып жатыр. Жергілікті білім бөлімдеріндегі әлеуметтік қорғау қызметкерлері мұқтаж отбасылардың тізімін жасайды. Мектептермен бір­лесе отырып нақты көмекті қажет ете­тін балалар анықталады, – дейді Павлодар облысы білім беру басқар­масы балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің бас маманы Самал Әлімова.

Мамандар акция барысында рейд­тер жүргізіп, жәрмеңкелер ұйым­дастырады. Жәрмеңкелер аудан, қалалардағы базарлар аума­ғында өтіп жатыр. Мұнда оқу құрал­дары мен киім-кешек дүкендерден әлдеқайда арзан бағада ұсынылады.

Ата-аналардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылған. Көмекке мұқтаж отбасылар тұрғылықты жері бо­йынша білім беру бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.

 

Павлодар облысы