Қоғам • Кеше

Елордада тыйым салынған жерге көлік қойғандарды енді камерасы бар арнайы көліктер тіркейді

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада жол қауіпсіздігін күшейту және заңсыз автотұрақтарды азайту мақсатында жаңа мобильді бақылау жүйесі іске қосылды. Енді «Заң мен тәртіп» логотипі бар арнайы кешендер көшелерді бақылап, ереже бұзған көліктерді автоматты түрде тіркейді, деп жазады Egemen.kz.

Елордада тыйым салынған жерге көлік қойғандарды енді камерасы бар арнайы көліктер тіркейді

Фото: Астана әкімдігі

Жоба елорда прокуратурасы мен қалалық мекемелердің бірлесуімен жүзеге асып отыр. Арнайы жабдықталған көліктер тыйым салынған жерлерге қойылған автокөліктерді анықтап, құқықбұзушылықты бірден жүйеге енгізеді. Соның негізінде айыппұл рәсімделеді.

Мамандардың айтуынша, ретсіз қойылған көліктер жол қозғалысына айтарлықтай қауіп төндіреді. Әсіресе, олар жүргізушілердің көру аумағын шектеп, балалардың жолды қауіпсіз кесіп өтуіне кедергі келтіреді. Сондай-ақ мұндай жағдайлар жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметтерінің қозғалысын қиындатады.

Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының мәліметінше, мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендер қала көшелерінде тұрақты түрде жұмыс істейді. Жүйе арнайы маршрутпен қозғалып, тыйым салынған аймақтарды үздіксіз бақылайды.

Астанадағы автотұрақтар толығымен қала меншігіне өтті

Орталық жүргізушісі Зархан Сапарқұлдың сөзінше, бір мобильді кешен күніне орта есеппен 100-ге жуық құқықбұзушылықты тіркей алады.

«Егер жүргізуші ережені бірнеше рет бұзса, айыппұл да қайта рәсімделеді. Сондықтан мұндай бақылау жүйесі жүргізушілерді тәртіпке бейімдейді», деді ол.

Кешендер интернет құрылғысымен жабдықталған. Соның арқасында құқықбұзушылық туралы ақпарат жүйеге бірден жіберіліп отырады.

Жоба аясында тек бақылау жүргізілмейді. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, жол қауіпсіздігіне қатысты ақпараттық буклеттер таратылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастама ай сайын 100 мыңнан астам адамды қамтиды.

Астана әкімдігі

Астана қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры Ақжол Сәтілда заңсыз автотұрақтың салдары ауыр болуы мүмкін екенін айтты.

«Тыйым салынған жерге көлік қою жаяу жүргіншілерге, әсіресе балаларға қауіп төндіреді. Жол ережесін елемеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Мұндай жүйелер құқықбұзушылықтардың алдын алып, жолдағы тәртіпті күшейтуге мүмкіндік береді», деді прокурор.

Көлік көп, орын аз: Автотұрақ мәселесі қалай реттеледі?

Соңғы жаңалықтар