Алдағы 7-21 қыркүйек аралығында Алматыда Michelin жұлдызды әлемге әйгілі аспаздардың қатысуымен дәстүрлі Almaty crossroads гастрономиялық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биыл фестивальде алғаш рет аспаздық заманауи өнермен өрнектелмек. Қонақтарға 15-тен астам мейрамхана қызмет көрсетеді. Мұнда келушілерге авторлық жобалар бойынша ерекше жасалған дәмді ас мәзірлері ұсынылады, тіпті көше кафелері қатыспақ. Жеке блокта халықаралық сарапшылармен Crossroads Talks пікірталас өтеді. Фестивальді ұйымдастыруға Almaty Tourism Bureau мен ABR компаниясы мұрындық болып отыр.
«Almaty Сrossroads - қаланың жаңа мәдени келбетін қалыптастыратын іс-шара. Фестиваль Алматының гастрономия білгірлерінің ғана емес, бүгінгі заманауи өнер мен креативті индустрияға қызығатындар үшін де ерекше алаң болмақ. Түрлі сала өкілдерінің бас қосуы туристердің мегаполиске деген қызығушылығын арттырып, халықаралық аренада қаланың беделін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Almaty Tourism Bureau директоры Дияр Асқаров.
2022 жылдан бері Алматының мәдени бөлігіне айналған фестиваль қаланың халықаралық деңгейде көрініп, отандық аспаздардың есімдері Michelin жұлдыздылардың қатарынан табылуға ықпал етеді. Сондай-ақ Тhe world's 50 Best Restaurants құрамына енген әріптестермен тізе қосып жұмыс істеуге мүмкіндік береді.