• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 10:38

Үкіметте Жолдауды жүзеге асыру жоспары пысықталды

30 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру тетіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың пікірінше, Президент Жолдауы елдің жедел инновациялық даму қарқынын қамтамасыз етіп, жаңа серпін береді.

«Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу атты Жолдауы еліміздің одан әрі жедел инновациялық дамуына зор серпін береді. Қазақстанның болашағы – технологиялық өрлеумен байланысты, сондықтан Президент үш жыл ішінде Қазақстанды жаппай цифрлық мемлекетке айналдыру туралы стратегиялық міндет қойды», – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, кең көлемде цифрландыруды енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мемлекеттік басқаруды жаңа деңгейге көтеріп, заманауи технологиялық жүйені қалыптастыруға жол ашады.

«Президент атап өткендей, мемлекеттік басқару жүйесіндегі цифрлық тәсіл «оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз етіп, ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттырады». Жаппай цифрландыру әртараптандырумен қатар, бүкіл отандық экономиканы кешенді түрде жаңғыртуға және Қазақстанды жаһандық аренада бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытуға ықпал етеді. Үкімет Жолдауда айтылған міндеттерді жедел орындауға бар күш-жігерін жұмылдырады», деп қорытындылады Премьер-министр.