• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 14:31

Атырау облысында 227 адамның жүрегіне ашық ота жасалды

70 рет
көрсетілді

Атырау облыстық кардиология орталығында жасалған операциялық ем-домның саны 2370-ке жетті. Оның ішінде диагностикалық және медициналық процедуралар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталықтың кардиохирургі Асылбек Қонысовтың айтуынша, 1206 диагностикалық операция жасалған. Ал жүрекке жасалған ашық отаның саны – 227. Сондай-ақ жоғары технологиямен, инвазиві аз ота 937-ні құраған.

«Шағын тілік арқылы жасалатын ота науқастың жүрек ауруынан тез сауығып, қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік береді. Жүрек ауруының негізгі себебі қан тамырларына ақуыз бен майдың жиналуынан туындайды. Мұндай дерттің алдын алу үшін әр адам учаскелік дәрігерге қаралып, кардиологтің кеңесіне жүгінгені жөн», дейді Асылбек Қонысов.