Бүгін Токиодағы әлем чемпионаты аясында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден іріктеу кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, бұл сында ел атынан Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей бақ сынаған.
Нора Джеруто алғашқы жүгіруде мәреге екінші болып келіп, финалға жолдама алды. Ал Дейзи Джепкемей іріктеуде тоғызыншы орынға табан тіреп, жарыс жолынан шығып қалды.
Ал финалдық бәсеке 17 қыркүйекте өтеді.