• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Бүгін, 14:55

Павлодарда химиялық тәжірибе салдарынан жеті бала зардап шекті

20 рет
көрсетілді

Павлодарда №37 мектептің жетінші сынып оқушылары жасаған тәжірибе апатқа ұласты. Құтқару қызметінің дерегінше, мектепке өрт сөндірушілер, құтқарушылар және ТЖМ-нің катастрофа медицинасы орталығының бригадасы жеткен, деп жазады Egemen.kz.

Оқушылар өз қолдарымен химиялық қоспа салынған бөтелке әзірлеген. Артынша жарылған. Жеті бала жарақат алды. Балалардың бірі орталық дәрігерлерінен алғашқы медициналық көмек алған, қалған алтауы жедел жәрдем қызметкерлері қарағаннан кейін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнына екі бригада барған. Балалардың қолының, бетінің және көзінің күйгені анықталған. Олар «Крот» тұрмыстық құралы, газдалған сусын «Мохито» және фольга араластырғаннан кейін жарақаттанған.

Қазір оқушыларға дәрігерлер медициналық көмек көрсетіп жатыр.