• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:40

Шиелі тұрғындары заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды

40 рет
көрсетілді

Қызылордада «Құқықтық тәртіп» шарасы барысында заңсыз аң аулағандар қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесінің инспекторы және Шиелі АПб-нің ЖПҚб-нің Табиғат қорғау полиция тобы 13 қыркүйек күні Қызылорда облысы аумағында «Урал» мотокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында мотокөліктің жүк салғышынан жарық шам, атылған 12 қоян, 1 ұңғылы 16 калибрлі ІІО-да тіркеуінде жоқ аңшы мылтығы тәркіленді. Күдікті ретінде 32 және 37 жастағы аудан тұрғындары ұсталды.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.