• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жәдігер Бүгін, 07:50

Әлихан мен замандастары дәм татқан табақ

20 рет
көрсетілді

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның қарын­дасы Нұрбек әжей тір­ші­лігінде қолданған ет та­бақ Ақтоғай ар­хео­логиялық-этно­гра­фиялық музейінде сақтаулы тұр.

Көненің көзі болатын бұл ағаш табақтан сол дәуірде Алаш­тың ардақтысы Әлихан Бөкей­ханның өзі де дәм татқан деседі. Табақ емен ағашынан жаса­лыпты. Содан да болар, сол қалпы сақталған.

«Қанша дегенмен ғасырдан астам сақталған ағаш табақтың сақталуы, өзінің баға жетпес құндылығы, қасиеті, таңдап алынған ағашының мықтылығында шығар. Ең бас­тысы, халыққа қадірменді тұлғаның тұтынған дүниесі. Әлихан атамыз Омбыда қызметте жүріп, елге орал­ғанында үш ағаш табақты кәдесый ретінде әкеліп, анасы Бегім ханымға, Сақып жеңгесіне және үшіншісін қарындасы Нұрбекке тарту еткен деседі», – дейді музейдің ғылыми қызметкері Сағат Ерғалыұлы.

Музейге көне жәдігерді Ақтоғай ауылының тұрғыны Ғайныш Жарова табыстапты.

 

Қарағанды облысы,

Ақтоғай ауданы