• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Сауда Бүгін, 14:28

АШМ: Сиыр еті бағасы өзіндік құн мен ет сапасына байланысты қалыптасады

20 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықтағы сиыр еті бағасының өсуіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 1 кг еттің орташа өзіндік құны шамамен 2 800–3 100 теңгені құрайды. Көтерме саудадағы 15% үстемеақыны қосқанда, баға 3 400–3 500 теңге деңгейінде қалыптасып отыр.

Салыстырмалы түрде, көршілес елдерде сиыр еті әлдеқайда қымбат: Өзбекстан мен Тәжікстанда – 6 500 теңгеге дейін, Ресейде – 8 500 теңгеге дейін, Қытайда – 8 000 теңгеге дейін, Түрікменстанда – 9 000 теңгеге дейін, ал Түркияда – 13 000 теңгеге дейін жетеді.

Министрлік еттің бөлшек бағасы тек өзіндік құнға ғана емес, сонымен қатар санатына, тағамдық құндылығына, малдың семіздігіне және қайта өңдеу тәсіліне байланысты екенін атап өтті. Мысалы, бір тұтас ірі қара мал етінің тірі салмағынан тек 50–60%-ы ғана ет ретінде сатуға жарамды. Оның ішінде 15–20%-ы премиум санаттағы бөліктер (филе, рибай, жамбас еті), 40–45%-ы орта деңгейлі, 25%-ы төменгі деңгейлі етке тиесілі. Ал сүйек, май және жарамсыз қалдықтар 15–20%-ды құрайды.

АШМ өкілдері жоғары мәрмәрлі, жұмсақ құрылымды премиум ет қымбат болатынын, ал майы аз кесінділер арзандау сатылатынын түсіндірді.

Министрлік негізсіз бағаның өсуін тежеу үшін жүйелі шараларды жалғастырып жатыр. Олардың қатарында:

бордақылау алаңдары мен шаруашылықтарды жеңілдетілген несиелеу,

ет өңдеу кәсіпорындарын салу және жаңғырту,

бағаны тұрақтандыру мақсатында форвардтық сатып алу мен интервенциялар жүргізу бар.

Сондай-ақ өнім өткізу тізбегінің барлық кезеңдерінде бәсекелестік заңнамасының сақталуына бақылау күшейтіледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, әкімдіктермен және мүдделі құрылымдармен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.