Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669-бабы 1-бөлігі бойынша іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Алимент өндіру туралы сот шешіміне сәйкес жауапкер азамат талап қоюшының пайдасына алимент төлеуге міндетті болған екен. Бірақ талапты орындамаған оның берешегі бүгінде 1 410 500 теңгеге жеткен.
Атқарушылық іс жүргізу барысында жауапкердің мүліктік жағдайы тексеріліп, жауапкердің атына тіркелген мүліктер анықталмапты. Жеке сот орындаушы жауапкерге бірнеше рет сот актісін орындау туралы хабарлап, түсініктер мен міндеттемелер алған. Алайда ол сот актісін орындамаған.
Сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.