Қазақстанда қауіпсіздік профилі жетілдірілген жаңа белсенді компонент – эстетрол негізіндегі соңғы буындағы құрамдастырылған контрацептивтік таблетка таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
«Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының қолдауымен елдің үш ірі қаласында (Астана, Алматы, Шымкент) өткен дәрігер-гинекологтармен кездесулерде әйелдер денсаулығы саласының мамандары контрацептивтік таблеткаларға сенімсіздік тудыратын мифтерді жан-жақты тарқатып, қазіргі таңда нарықта бар инновациялық контрацептивтік препараттар мен олардың әйелдер денсаулығы үшін қаншалықты қауіпсіз екендігі туралы баяндады. «Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясы дәстүрлі түрде жүргізетін Ayelder Dausy жыл сайынғы сауалнамасының деректеріне сүйенсек, әйелдер әлі күнге дейін гормоналды контрацепцияға сенімсіздік танытады. Ең кең тараған күдіктер қатарында – артық салмақ қосу, либидоның төмендеуі және репродуктивті денсаулыққа ықпал ету қаупі бар. Бұл деректер тағы да бір жайтты дәлелдейді: қорқыныштар мен мифтер көп жағдайда әйелдердің дәрігерге жүгініп, сенімді қорғаныс тәсілін таңдауға кедергі келтіреді. Жаңа препарат осы алаңдаушылықтарды ескерген, ол асқыну қаупі төмен жағдайда жоғары тиімділікті көрсетеді, заманауи қауіпсіздік стандарттарына жауап береді және қолданылуы қарапайым.
– Біз жаңа буындағы препаратпен жұмыс істеп отырмыз. Эстетрол табиғи эстроген ретінде таңдамалы әсерге ие. Оны қолдану тромбоэмболия мен жүрек-қантамыр жүйесінің асқынулары қаупін төмендетеді, сондай-ақ сүт безі тініне ықпалы барынша аз. Әсіресе, оның метаболикалық бейтараптығын атап өту керек, ол ағзада сұйықтықтың жиналуына әсер етпейді, тәбетті өзгертпейді және артық салмақ қоспайды. Салмақ қосудан қорқатын әйелдер үшін бұл өте маңызды, – деді медицина ғылымдарының докторы, профессор Талшын Укыбасова кездесуде.
Эндометриоз институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Әйкерім Дощанованың айтуынша, жаңа буындағы контрацептивтер овуляцияны қалпына келтіріп, бір айдың ішінде бала көтеру мүмкіндігін қайтарады.
– Жаңа препараттың қажетсіз жүктіліктің алдын алудағы тиімділігі 99,6%-ды құрайды. Әйелдердің басым бөлігінде оны қабылдауды тоқтатқаннан кейін овуляция бір айдың ішінде қалпына келеді. Қосымша артықшылықтарының бірі – 24/4 қабылдау тәртібі. Ол қарапайым, ыңғайлы және бейімделуді жеңілдетеді. Мұның бәрі контрацепцияның жаңа кезеңі туралы айтуға мүмкіндік береді – анағұрлым қауіпсіз, болжамды және әйелдердің нақты қажеттіліктеріне бағытталған, – деп түсіндірді ол.
«Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының бас директоры Павел Хегай бүгінгі таңда әйелдердің медицинаның жай ғана тиімділігінен де көп нәрсені күтетінін атап өтті:
– Қазіргі фармацевтика негізгі функцияны орындап қана қоймай, ағзаға қосымша пайда әкелетін кешенді шешімдерге қарай дамуда. Әйелдер барған сайын тек бала тууды жоспарлауға ғана емес, жалпы репродуктивті денсаулықты қолдауға көмектесетін препараттарды таңдайды. Біздің компания да осы бағытта жұмыс істейді. Біз жаңа буындағы инновациялық өнімнің қазақстандық әйелдер үшін қолжетімді болғанына қуаныштымыз. Бұл біздің сапаға, қауіпсіздікке және пациентке нақты пайда әкелуге адалдығымыздың нәтижесі, – деді ол.
Kazakhstan Women’s Health жобасы аясында «Гедеон Рихтер Қазақстан» бірнеше жылдан бері елдегі әйелдердің нақты қажеттіліктерін зерттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
– Негізгі құралдардың бірі – Ayelder Dausy сауалнамасы, ол көптеген қазақстандық әйелдердің әлі күнге дейін гормоналды контрацепцияға сенімсіздік пен қорқынышпен қарайтынын көрсетіп отыр. Біз пациенттердің қандай қиындықтарға тап болатынын жақсы білеміз. Сол себепті олардың үмітіне сай заманауи, қауіпсіздіктің жаңа деңгейін және ыңғайлылықты қамтамасыз ететін шешімдерді ұсынамыз, – деді «Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының өкілі Динара Бірмағанбетова.
Қазіргі заманғы әйел өз тәніне және денсаулығына байланысты мәселелерге саналы түрде қарауға ұмтылады. Қазақстан нарығында ұсынылған жаңа контрацептив тиімділігімен және қауіпсіздіктің жаңартылған деңгейімен ерекшеленеді. Бұл – контрацепцияны таңдауда ойланып шешім қабылдайтын әйелдер үшін ерекше өзекті.
Денсаулыққа қамқорлық жасау өмір салтының нормасына айналған дәуірде мұндай инновацияларға қол жеткізу – әйелдердің әл-ауқатына және болашаққа деген сеніміне қосылған нақты үлес.