«Ақтау Агро» серіктестігінде асылтұқымды құс өсіруге арналған кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жобаға «Аграрлық несие корпорациясы» мен құрылтайшылар қаражаты бөлінген. Фабрикада инкубатор, құс өсіру алаңдары, құс сою цехы, құрамажем зауыты қарастырылған.
«Ата-аналық үйірді ұстауға арналған нысанның қуаттылығы – жылына 7,5-8 млн инкубациялық жұмыртқа. Оның шамамен жартысы кешеннің қажеттіліктеріне жұмсалса, қалған бөлігі елдегі басқа құс фабрикаларына жеткізіледі. Бастама экономикалық тұрғыдан тиімділікті арттырумен қатар, әлеуметтік маңызға да ие. Жоба аясында шамамен 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Ең бастысы, өңірдің импортқа тәуелділігі азайып, азық-түлік қауіпсіздігі күшейеді» дейді Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының өкілдері.
Кәсіпорын жыл сайын 5 мың тоннадан астам бройлер етін өндірмек. Серіктестік 2021 жылдан бері өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып отыр.
Маңғыстау облысы