Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр осы аптадағы жағдай және жылыту кезеңіне қатысты бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Роман Склярдың айтуынша, мамандыр жылыту маусымына дайындықтың соңғы сатысына келген. Өткен аптада 1 қазандық пен 3 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар 10 қосалқы станса мен 100 тарату пункті жөнделіп, 13 шақырым жылу желілері қайта жаңартылған. Жалпы, 6 энергоблок, 29 қазандық және 16 турбинаға және 293 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген.
«Бірқатар өңірде жұмыстар әлі аяқталмаған. Кейбір облыстарда санаулы күннен кейін жылыту маусымы басталады, сондықтан, әкімдерге жөндеу жұмыстарының аяқталуын жеке бақылауға алуды тапсырамын. Орал, Степногорск, Аягөз және Сәтбаев қалаларында жылу беру мәселесін ерекше назарда ұстаңыздар», деп тапсырды Премьер-министр Олжас Бектенов.