• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:42

Астаналық зейнеткерлер Қарттар күніне орай қаржылай көмек алады

30 рет
көрсетілді

Астаналық зейнеткерлер Қарттар күніне орай бір реттік төлем алады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Хабар» телеарнасының мәліметінше, елордада 100 мыңға жуық тұрғынға Қарттар күніне орай шамамен 10 мың теңгеден беріледі. Осылайша, зейнеткерлерге өткен жылғыдай 2,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілмек.

Ал Алматы қаласында мұндай төлемдер қарастырылмаған. Қала билігінің түсіндіруінше, зейнеткерлерге бюджет есебінен 13 түрлі қызмет көрсетіледі.

Айта кетейік, Қазақстанда Қарттар күні 1 қазанда атап өтіледі.
Соңғы жаңалықтар