Болливуд жылына мыңға жуық фильм түсіреді. Бұл көрсеткішпен ол Голливудты екі орайды. Ал Үндістанның басқа аймақтық киноорталықтарын қосқанда бір жылдағы фильм саны 2000-нан асады.
Мұндай көп өнім шығарудың себебі айқын: 1,4 миллиард халқы бар алып нарық, әр өңірдің өз тілі мен мәдениеті бар. Кино үнді халқы үшін басты көңіл көтеру көзіне айналған. Экономикалық тұрғыда Болливуд индустриясы жылына 2,5 млрд доллардан астам табыс әкеледі.