Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова 1965 жылы дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент облысы Сарыағаш қаласы Ильич атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.
Бұл лауазымға 2025 жылғы 14 ақпаннан бастап тағайындалған еді.