• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Есірткі Кеше

Оқушылар есірткі таратуға қатысты назарға іліккен

10 рет
көрсетілді

Алматыда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Соған қарамастан жыл басынан бері қаланың бір ғана Медеу ауданының өзінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 12 қылмыстық дерек тіркелген. Олардың кейбірі есірткі таратуға қатысты полиция назарына ілігіпті, деп жазады Egemen.kz.

Бұл жөнінде Медеу ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасындағы құқықбұзушылық, буллинг пен суицидтің алдын алу мақсатында өткен кездесуде айтылды.

- Мектептерде профилактикалық түсіндіру жұмыстары күшейтілді, құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері бірлесіп, қауіп-қатерге бейім балалармен жеке жұмыс істеуде. Бұл – жеткіншектерді жағымсыз ортадан қорғаудың маңызды тетігі. Оларға суицидке, буллингке, есірткіге қарсы төтеп беру жолдарын жеткізу біздің міндетіміз, - дейді Медеу ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.

Кездесуде құзырлы орган мамандары оқушылардың құқықтық сауатын арттыратын мағлұмат беріп, қауіпсіздікке бейқам қарамауға шақырды.