• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

Үсік, дауыл: синоптиктер алдағы екі күнде ауа райы қандай болатынын айтты

20 рет
көрсетілді

Синоптиктер алдағы екі күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктер еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды – жаңбыр, найзағай күтіледі. 26 қыркүйекте батыста, солтүстік-батыста, 27 қыркүйекте солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, шығыста және оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Батыс өңірде түнде 12–17-ден 2–7 градусқа дейін төмендейді, батыс пен солтүстікте 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 20–28-ден 10–23 градус.

Солтүстік-батыста түнде 7–15-тен 3–11 градусқа дейін, күндіз 23–29-дан 10–18 градус.

Солтүстікте түнде 10–16-дан 5–13 градус жылы, күндіз 20–28-ден 12–25 градус.

Орталықта түнде 5–13 жылы, күндіз 20–25 жылы.

Шығыста түнде 0–8-ден 7–15 градусқа дейін жоғарылайды, солтүстік пен шығыста 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 15–25-тен 20–28 градус.

Оңтүстікте түнде 5–15, күндіз 25–30 градус жылы.