• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Есірткі Бүгін, 00:28

Атырауда ҰҚК қызметкері ұсталды

20 рет
көрсетілді

Атырауда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне қылмыстық іс қозғалды. Оның ұсталғанын ҰҚК растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу мәліметінше 32 жастағы жедел уәкілді есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған. Тінту кезінде оның қалтасынан және көлігінен салмағы бір килограмнан асатын ұнтақ тәрізді зат табылған.

«Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — деген ведомствоның баспасөз қызметі басқа мәлімет беруден бас тартты.

Атырау облыстық полиция департаменті де ақпарат беруге қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабымен шектеу қойылатынын, мәлімет тек прокуратураның келісімімен жария етілетінін атап өтті.

«Сотқа дейінгі тергеу деректері жарияланбайды. Оларды прокурордың рұқсатымен ғана, тергеу мүддесіне қайшы келмейтін көлемде жариялауға болады», — делінген ресми жауапта.