• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:12

Ақмола облысындағы үй ауласында жабайы сілеусін жүр

10 рет
көрсетілді

Ақмола облысында құтқарушылар, полицейлер мен орман қорғаушылары жеке үйдің ауласынан жабайы сілеусінді ұстады. Жыртқыш әлі бір жасқа толмаған бөлтірік болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Сандықтау ауданының Балкашино ауылында болды. Жеке үйлердің бірінің ауласына жабайы сілеусін кіріп кеткен – бұл өңір үшін сирек кездесетін жағдай. Шақырту бойынша оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, орман қорғаушылары мен полицейлер жетті. Жануарға еш зиян келтірмей ұсталды.

Куәгерлердің айтуынша, одан бұрын сілеусін аулада жүрген үй мысығымен “жанжалдасып” үлгерген. Кейінірек белгілі болғандай, ұсталған жыртқыштың жасы бірге де толмаған. Ол өз бетінше өмір сүріп кете алмайтын болғандықтан, оны аңшылық шаруашылығына қалдырылды.

Мамандардың айтуынша, сілеусін күш жинап, бейімделген соң шамамен қысқа немесе көктемге қарай қайтадан табиғатқа жіберіледі. Ал жыртқыштың ауыл ортасына қалай тап болғаны және анасының қайда кеткені белгісіз.