• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Пікір Бүгін, 08:33

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ұдайы қадағаланады

20 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша депар­та­мен­ті елорда аумағында мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуіне бақылау жүр­гізуді қам­тамасыз етіп отырған мекеме екені белгілі. Департамент құзы­ре­тіне сәйкес мем­лекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер мен ұйым­дардың жұ­мысын үнемі назарда ұстайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, тиісті заңнаманың бұзылуын алдын алу мақсатында қала аумағындағы мемлекеттік органдарға әдістемелік көмек көрсете отырып, заң бұзушылық анықталған жағдайда нұсқама беріледі және қайта болдырмау мақсатында ұсыныстар жолдайды. Осылайша, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау шеңберінде департаментпен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдарында жос­парлы және жоспардан тыс тексеру іс-шаралары жүзеге асырылады. Нәтижесінде, бұзушылықтар анық­талып, оларды жою бойынша ұсыныстар енгізіледі.

Сондай-ақ департамент азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қарап, оның ішінде егер де шағым негізді болса, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды да әрдайым жүзеге асырады. Мәселен, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына байланысты жыл басынан департаментке жеке және заңды тұлғалардан 190-нан аса шағым келіп түсті. Олар­дың ішіндегі негізделген өтініштер қанағаттандырылып, нәтижесінде 21 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Осы орайда қызметін тиісті дәрежеде атқармаған 17 қызметкер тәртіптік, 10 лауа­зымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 511 160 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Оған қоса «ИС INDIGO электрондық балабақша» ақпараттық жүйесінде жүргізілген мониторинг нәтижесінде, 135 азаматтың құқығы қорғалды. Яғни мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім ұйымдарына жіберу кезегі қалпына келтірілді.

Мемлекет пен қоғам арасындағы қарым қатынасты күшейту мақсатында департамент жанында құрылған ведомство­ара­­лық жұмыс тобының отырыстары өткізіліп, онда қоғам өкілдерімен бірлесіп мем­лекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және анықталған кемшіліктерді жою бойын­ша тиісті мекемелер мен ұйымдарға ұсыныс берілді.

Департамент бақылау функция­ла­ры­нан басқа мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының бұзылуын алдын алу үшін тұрақты түрде ақпараттық түсіндірме іс-шараларды ұйымдастырады. Мәсе­лен, халыққа мемлекеттік қызмет көр­се­ту мәселелері бойынша ақпарат беру мақ­сатында «Қызмет алушылар күні», мем­лекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге арналған «Қызмет беруші мектебі», мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің азаматтарға сапалы қызмет көрсетуін жетілдіру үшін «Ең алдымен адамдар» бағдарламалық оқытулары өткізіледі.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көр­се­ту сапасын қамтамасыз ету жөніндегі функ­цияларды іске асыру шеңберінде нор­ма­тивтік құқықтық актілерді жетіл­діру­ді талап ететін мәселелер де анық­талады.

Осы орайда департамент мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі сервистік үдерістерді автоматтандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәсілін іске асыру бойынша тұрақты түрде ұсыныстар әзірлейді және мемлекеттік қызметтердің сапасы мен көрсетілетін қызметті алу­шы­лардың қанағаттану деңгейінің төмен­деуіне әсер ететін факторларға тұрақ­ты түрде талдау жүргізіп отырады. Мәсе­лен, мемлекеттік қызметтерді көр­се­туді реттейтін нормативтік құқықтық акті­лерді талдау барысында «E-gov» электрондық үкімет порталында кейбір қыз­меттер портал инфрақұрылымына интеграцияланбағаны анықталып жатады. Осы негізде ақпараттық жүйелерді портал арқылы қолжетімділікке жеткізу бойынша да іс-шараларды департамент уақтылы қабылдайды.

Сонымен қатар әлеуметтік сұранысқа ие қызметтермен қатар бизнес, инвес­тиция, субсидия және мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын дамытуға, оңтай­ландыруға бағытталған мемлекеттік функциялар мен қызметтерді бюрократияландыру бойынша жұмыстардың да жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.

Департамент мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында жеке және заңды тұл­ға­лар­дың құқықтарының сақталуын алдағы уақыт­та да жіті бақылауда ұс­тайды. Егер де мемлекеттік қызметтер көрсету ке­зінде құқық бұзылса, азаматтар департаментке жаз­ба­ша немесе «электронды үкімет» веб-пор­талы немесе, «E-otinish» платформасы арқылы электрон­ды түрде, сондай-ақ «EgovKzBot 2.0» телеграм-бот «Уәкілетті органға өтініш» батырмасы арқы­лы жүгіне  алады.

 

Ербол ЖОЛДАНҒАР,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы 

Соңғы жаңалықтар