29 қыркүйек күні Әзербайжанның Гянджа қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Кеңес отырысында Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы мәртебесін иеленді.
Іс-шараға Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрі Фарид Гаибов, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан спорт ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.
«ТМД спорт астаналары» мемлекетаралық бағдарламасы аясында халықаралық форумдар, жарыстар, жастар және инклюзивті бастамаларды өткізу жоспарланған.
Айта кетейік, 28 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Әзербайжанда ТМД-ның III Ойындары өтіп жатыр. Ұлттық құрама 18 спорт түрі бойынша бақ сынап жатыр