30 қыркүйекте Бурабай баурайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің VI отырысы өтті.
Іс-шараға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің орталық сайлау органдарының басшылары мен өкілдері, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің және оған қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының өкілдері, қатысушы мемлекеттердің демократияны, парламентаризмді дамыту және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі халықаралық институтының өкілдері, ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесі жанындағы Электоралдық саладағы жастар саясаты жөніндегі жұмыс тобының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сарапшылар кеңесінің мүшелері, жастар ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстанның сайлау комиссияларының өкілдері қатысты.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесіне төрағалық ету Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына өткенін атап өткен жөн.
Іс-шаралар бағдарламасы сайлау саласында мемлекетаралық әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және әсіресе жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастырудың практикалық тәсілдерін дамытуға бағытталды.
ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесі төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіров кеңес отырысын ашып: «Сайлау мәдениетін қалыптастыру – бұл адами капиталға, демократиялық институттарды нығайтуға және біздің елдеріміздің болашағына салынған инвестиция. Бұл – құқықтық реформаларды, білім беру бастамаларын және заманауи технологияларды біріктіріп, жүйелі тұрғыдан қарауды талап ететін үдеріс. Сондықтан да біздің тарап қазақстандық төрағалық ету кезеңін сайлау процесінің барлық қатысушыларының, әсіресе жастардың арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру және дамыту мәселесін талқылауға арнауды ұсынды», деп атап өтті.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің VI отырысында сайлау үдерістерінің тиімділігін және оған қатысушылардың электоралдық мәдениетін арттыру жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.
ТМД Парламентаралық ассамблеясы Кеңесінің бас хатшысы Дмитрий Кобицкий бейнеқұттықтау жолдады. ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің тең төрағасы, Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенконың онлайн режімде ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесіне төрағалық еткен кезеңде атқарылған жұмыстар туралы ақпараты тыңдалды.
Сайлау тақырыбына арналған пікірталас барысында Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимян «2026 жылы өтетін парламенттік сайлаулар аясында Армения Республикасының сайлау заңнамасындағы жаңашылдықтар» тақырыбында, Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы жергілікті сайлаулар және саяси жүйені одан әрі жетілдіру туралы», Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі Орталық комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаров «Қырғыз Республикасындағы 2025 жылғы сайлау үдерістері», Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфилова бейнебаяндама арқылы «14 қыркүйекте Ресей Федерациясында өткен бірыңғай дауыс беру күнінің қорытындылары туралы», Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі Орталық комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода «Тәжікстан Республикасында шығып қалған депутаттардың орнына жергілікті Халық депутаттары мәжілістеріне өткен сайлаулар туралы», Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев «Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайлаудан кейінгі кезеңдегі жұмысының кейбір аспектілеріне шолу» тақырыбында сөз сөйледі.
«ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттерде жастардың құқықтық мәдениеті мен сайлау белсенділігін арттыру мәселелері бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесі жанындағы Электоралдық саладағы жастар саясаты жөніндегі жұмыс тобы мен ТМД Парламентаралық ассамблеясына қатысушы мемлекеттердің демократияны, парламентаризмді дамыту және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын мониторингілеу жөніндегі халықаралық институтының өзара іс-қимылы туралы» Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Хатшылығы басшысының орынбасары, ТМД Парламентаралық ассамблеясы ДДМХИ директоры Иван Мушкет, «ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесі мүшелерінің Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы (A-WEB) қызметіне қатысуы туралы» ТМД СОБ КК тең төрағасы, Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко, «ТМД СОБ КК хатшылығының басшысы (хатшысы) лауазымына кандидатура ұсыну туралы» Нұрлан Әбдіров баяндама жасады. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесіне төрағалық етеді. Жиын барысында кеңеске төрағалық етудің ауыспалы белгісі табыс етілді.
Отырыстың басталуы алдында қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдарының құқықтық ағарту және электоралдық қатысудың мәдениетін қалыптастыру саласындағы тәжірибелерін көрсететін әдістемелік материалдар көрмесімен танысты. Көрмеде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның орталық сайлау органдары мен ТМД ПА ДДМХИ-ның жұмыс барысында қолданатын түрлі оқу-әдістемелік және ақпараттық материалдары ұсынылды.
Бурабайда өткен отырысқа қатысушылар ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісовтің ТМД-ға мүше мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесі хатшылығының басшысы лауазымына кандидатурасын қолдады.