Оралда 1952 жылы кірпіші қаланған апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды, деп жазады Egemen.kz.
Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі 400 оқушыға лайықталған. Үкімет осы мектеп құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан 2,8 млрд теңге бөлген.
«Заманауи талаптарға сай, көпқабатты ғимарат қолданысқа берілді. Бұл оқушыларымыз бен ата-аналарымыз және ұжым үшін үлкен қуаныш. Мемлекет басшысының саясаты арқасында сапалы білім беру біздің өңірде де жолға қойылып келеді», деді дарынды балаларға арналған №8 мамандандырылған мектеп-лицейінің директоры Алима Саурова.