Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен барады, деп жазады Egemen.kz.
Саммит аясында өңірлік ынтымақтастықты тереңдету және түркі елдері арасындағы байланыстарды нығайту мәселелері қаралады.