Қазақстандықтарға арзан мобильді байланыс ұсынатын жаңа интернет-алаяқтық схемасы туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Алаяқтар «отбасы тарифіне» қосылуды ұсынып, жалған тиімді ұсыныстар арқылы адамдарды алдауға тырысады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Мұндай ұсыныстар көбіне әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайда болуда.
«Зейнетақыңызды көбейтеміз»: жаңа алаяқтық тәсіл пайда болды
Мамандардың айтуынша, адам «тиімді тарифке» келісіп, жарнаманы орналастырғандармен байланысқа шыққан кезде, оған арнайы сілтеме жіберіледі. Сол сілтемелер арқылы зиянды бағдарламалар орнатылып, немесе азаматтардың жеке деректері ұрлануы мүмкін.
Танымал туристік компания алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Сілтемені ашқаннан кейін телефонның жұмысы бұзылып, іркілістер пайда болуы ықтимал.
Полиция келесі сақтық шараларын ұсынады:
- бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерге өтпеу;
- күмәнді ұсыныстарға сенбеу;
- жеке және банк деректерін ешкімге бермеу;
- қосымшаларды тек ресми дүкендерден жүктеу;
- телефонға антивирус орнату.