Қарағанды облысында табиғатты қорғау полициясы мен «Карохотрыбпром» ЖШС аңшы инспекторлары түнгі рейд кезінде заңсыз аңшылық фактісін тіркеді. Түнгі сағат 2 шамасында елік атқан 48 және 40 жастағы екі қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тексеру барысында олардың тек бір лицензия рәсімдеп, оны тіркетпегені анықталды. Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерінің айтуынша, бұл – аңшылық ережелерін өрескел бұзу болып саналады.
Оқиға орнынан екі еліктің тушасы, бір ұңғылы мылтық және бірнеше патрон айғақ зат ретінде тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.