• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 12:17

Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер басталды

10 рет
көрсетілді

Мысыр астанасы Каирде Израиль мен Хамас өкілдері Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерді бастады. Кездесу Мысыр тарапының арағайындығымен өтіп жатыр. Алғашқы кезеңде тараптар израильдік тұтқындар мен палестиналықтарды босату мәселесін талқылайды деп күтіледі. Бұл туралы халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп екі тарапты «тез әрекет етуге» шақырып, келіссөз процесін жеделдетудің маңызын атап өткен болатын. Ақ үйдің мәліметінше, егер тараптар тұтқындар алмасу және атысты тоқтату тетігі бойынша ортақ шешімге келсе, уақытша бітім жариялануы ықтимал.

Дегенмен, Газадағы ахуал әзірге күрделі күйінде қалып отыр. Хамас өкілдерінің дерегінше, соңғы тәулікте анклав астанасына жасалған әуе соққыларынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқан. Израиль тарапы мұны «қарымта әскери операция» деп түсіндіріп отыр.

БҰҰ мен Мысыр дипломаттары келіссөздерден тұрақты бейбітшілікке бағытталған нақты нәтижелер күтіп отыр. Сарапшылардың пікірінше, Каирдегі кездесу қақтығысты тоқтатуға бағытталған маңызды кезең болмақ.