• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 21:18

Ескі монша жанындағы оқушы өліміне қатысты сот үкімі шықты

30 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  Темір ауданы  Қопа ауылында  болған қылмысқа қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға өткен жылдың 2 қыркүйегінде түн ішінде орын алған.  Қопа ауылы мектебінің бір топ  10,11сынып оқушысы    9-сыныпта оқитындарды  «құрметсіздік танытты» деген желеумен шақырып алып, ұрып соғу салдарынан  9-сынып оқушысы қайтыс болды. Қылмысқа қатысы бар  18 жасөспірім ұсталып, тергеуге алынғанымен, алты жасөспірімнің ісі ғана сотқа жетті.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға 6 жыл 8 ай бас бостандықтарынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.  ҚК-нің  үш бабымен жазаға тартылған сотталушылардың барлығы да кәмелетке толмағандар. Істі қарау кезінде үш  сотталушының қылмысты ұйымдастыруда аса белсенділік танытқаны анықталды. «Б» мен «Т»  қылмысты алдын ала ұйымдастырып,  денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне соқтырғаны және  алдын ала сөз байласу арқылы топтаса бірнеше рет бұзақылық жасағаны үшін 6 жыл және 8 ай мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілді.

Ал, «М» денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелді деген айыппен 6 жыл 8 айға сотталды. Топ болып төбелеске қатысқан тағы үш жасөспірімге  1 жыл  бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды.

Оған қоса, басты айыпкер «Т»-ның заңды өкілінен қайтыс болған баланың отбасына 5 миллион теңге моральдық залал өндірілді. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Ақтөбе облысы