• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 08:10

Алматы – әлемдік қолөнер қаласы

10 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің шешімімен Алматы шаһарына «World Craft City» – әлемдік қолөнер қаласы мәртебесі берілді. Бұл мәртебе күні кеше ғана Алатау етегіндегі әсем шаһарда басталған «ALA CRAFT 2025» халықаралық фестивалінде салтанатты түрде жария етілді. Ауқымды іс-шараға бізден басқа, Азия, Еуропа, Аустралия, АҚШ елдерінен келген 100-ден астам шебер қатысты.

«Алматыға «World Craft City» мәртебесінің берілуі – қаламыз үшін айтулы жетістік. Бұл көркем шаһардың креативті индустрия мен мәдени туризм орталығы тұрғысындағы халықаралық беделін көтереді. Сонымен қатар отан­дық қолөнерімізді әлемдік деңгейде таны­тып, қала экономикасына интеграциялан­­ған тұрақты экожүйесін қалыптасты­руға жол ашады», деді Алматы қалалық Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.

Фестиваль барысында Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесі Азия-Тынық мұхиты аймағының президенті «Jude van der Merwe» шаһарымыздың осы мәртебеге лайық екенін жеткізді.

«Бұл Алматы қаласының қолөнерді дамыту мен халықаралық мәдени ынтымақтастыққа қосқан үлесін мойын­дау деп түсінуге болады. Мұнда шеберлерге жақсы қолдау көрсетіледі, салт-дәстүрді сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге барынша жағдай жасалған. Бұл – Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің мақсатына толық сәйкес келеді», деді ол.

Мысалы, биылғы алты айда Алматыға 1,14 млн турист келсе, оның 323 мыңы – шетелдік қонақтар. Айтқандай, фес­тивальдің есте қаларлық ерекше сәтінің бірі – алып күштің иесі, бұған дейін де төрт рет әлем рекордын жаңартып, Гиннес рекордтар кітабына аты жазылған отандасымыз Сергей Цырульников ерекше өнер көрсетіп, жаңа әлемдік рекорд жасады. Ол небәрі 54 секундтың ішінде тоғыз темір тағаны майыстырды.

 

АЛМАТЫ