• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Құрылыс Бүгін, 11:04

Елімізде әрбір құрылыс нысанына бірегей нөмір енгізіледі

20 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжіліс құрылыс қызметін қағазбастылықтан арылтатын құжатты қарап жатыр. Жалпы отырыста Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Құрылыс кодексінің жаңа жобасын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Министр құрылыс саласында енгізіліп жатқан жаңа жүйенің мән-жайын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл жүйе әрбір құрылыс нысанына «ЖСН-ге ұқсас» бірегей нөмір беруді көздейді. 

«Нысанның бірегей нөмірі деген шынымен де жаңашылдық деп айтуға болады. Күнделікті өмірмен салыстырсақ, ол әр адамда бар ЖСН-ге ұқсайды. Бірегей нөмір мемлекеттік қала құрылысы кадастрында жобалау кезеңінде автоматты түрде беріледі және нысанның бүкіл өмірлік циклында — жоспарлау, сараптама, құрылыс, тіпті утильдеу кезеңінде де бірге жүреді», деді Ерсайын Нағаспаев.

Нағаспаевтың айтуынша, мұндай тәсіл құрылыс сапасын бақылауды жеңілдетіп қана қоймай, болашақта нысанды жаңғыртуға да ыңғайлы. Бұған дейін көптеген ғимаратты пайдалану кезінде бастапқы құжаттарды табу қиындық туғызған. Енді бірегей нөмір арқылы жүйеден барлық мәліметті бастапқы жобадан бастап, пайдаланылған материалдар мен құрылыс технологияларына дейін толық көруге мүмкіндік туады.

«Бірегей нөмір арқылы цифрлық форматта нысанды қадағалап отыруға болады», деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.