• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:50

Елорда маңында мал ұрлығы оқиғасы әшкереленді

30 рет
көрсетілді

Мұқият жоспарланған мал ұрлығы оқиғасын елорда полицейлері қала маңы саяжайларының бірінде анықтаған. Қылмыстық іс қозғалып, үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысының үш тұрғыны түнгі уақытта екі биені және бір сиырды орманға апарып сойып, етін көлікпен алып кеткен.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіріп, жануарлардың терілерін және трассаға апаратын іздерді тапқан және бейнебақылау камералары арқылы күдіктілердің жеке басы анықталған.

Тінту кезінде арқан, жүген және шамдар тәркіленіп, ал делдалдардан бөлшектелген мал еті табылған. Ұрланған етті күдіктілер сатып үлгерген.  

«Тергеу барысында олардың бұған дейін де ұқсас қылмыстар үшін жауапқа тартылғаны анықталды», делінген хабарламада.