• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы 09 Тамыз, 2025

Теңге неге әлсіреп тұр?

0 рет
көрсетілді

Қыркүйектен бері теңге тағы құнсызданып, доллар бағасы 550 теңгеге таяды. Себебі неде?

Экономика шолушысы Айбар Олжаевтың пікірінше, теңге еркін айналымдағы валюта. Оның бағамын үкімет те, Ұлттық Банк те қолмен ұстап тұрмайды.

«Теңге нарықтық валюта. Бағамды сұраныс пен ұсыныс анықтайды. Біз мұны 2015 жылдан бастап таңдадық. Сондықтан кейде теңге әлсіреп, кейде қайта күшейіп отырады бұл қалыпты жағдай», дейді сарапшы.

Оның айтуынша, биылғы әлсіреуге бірнеше себеп бар. Импорт көлемі артты, яғни сырттан келетін тауар көбейген сайын долларға сұраныс өседі. Мұнай бағасы төмендеп, экспорттық кіріс азайды. Рубль де әлсіреп жатыр, бұл теңгеге тікелей әсер етеді.

«Қазір Ұлттық Банк тек инфляцияны бақылаумен айналысады. Ал теңге бағамы нарықтың еншісінде. Мұны әлсіреу деп емес, экономиканың өз ырғағы деп түсіну керек», дейді А. Олжаев.

Сарапшының айтуынша, теңге бағамын қолдан ұстап тұру тиімсіз. Бұрын сол үшін миллиардтаған доллар резерв жұмсадық. Бірақ ол ұзаққа бармайды. Ең дұрыс жол – экономиканы әртараптандыру әрі өндірісті күшейту. Сол кезде теңге табиғи түрде нығаяды.

«Биыл доллар 600 теңгеден аспайды деп ойлаймын. Теңге әлсіз емес ол нарыққа бейімделген валюта. Біз ең ауыр кезеңнен өттік, енді теңге өз тепе-теңдігін табады», деп түсіндірді экономист.