• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Денсаулық Кеше

Түркістан облысында ұлы анасына донор болды

70 рет
көрсетілді

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Б.Баймахановтың жетекшілігімен және А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жоғары білікті мамандарының қатысуымен бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.

Бауыр трансплантациясы – хирургия саласындағы ең күрделі және жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі. Науқас бірнеше жылдан бері гастроэнтерологтың «Д» есебінде тұрған. Дәрігерлердің айтуынша, ауруы асцитпен, портальды гипертензиямен және спленомегалиямен асқынған. Ұзақ емдеу шараларына қарамастан, жағдайының нашарлай түсуіне байланысты бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болды. Донор ретінде науқастың 24 жастағы ұлы келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Абсолюттік қарсы көрсетілімдер анықталғанмаған.

Қазіргі уақытта 54 жастағы науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Дәрігерлер отадан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп тұрақталып келе жатқанын айтады.

Бұл – Түркістан облысында жасалған екінші бауыр трансплантациясы.

 

Түркістан облысы