• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:59

Қазақстан су спортынан Азия жарысын 8 алтынмен аяқтады

30 рет
көрсетілді

Су спорты түрлерінен Азия чемпионаты (Үндістанның Ахмедабад қаласы) аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, аталған чемпионатта Қазақстан құрамасы 8 алтын, 7 күміс, 8 қола, барлығы 23 медаль жеңіп алып, командалық есепте екінші орынға ие болды.

Бірінші орынды Қытай құрамасы (40 алтын, 10 күміс, 4 қола) алса, үшінші орын Жапонияға (5 алтын, 12 күміс, 4 қола) бұйырды.