• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жәдігер Бүгін, 08:05

Қаған композициясы толықтырылды

30 рет
көрсетілді

Қайбір жылы Елеке сазында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде көп жәдігердің ішінен белдіктің жапсырмасы ерекше көзге түскен. Сол жапсырмадағы қағанның құрылтай құрып отырған бейнесі реализм стилінде жасалып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылған еді. Құрылтай композициясы биыл толықтырылып, қағанның қасына қос көмекшісі сомдалды.

Белгілі археолог Зейнолла Самашев пен суретші, этнограф Қа­лиолла Ахметжан жа­саған бұл мүсіндер шынайы кейіптен аумайды. Көз жанарларына дейін «тірілткен». 2022 жылы Елеке сазынан табылған белдіктегі жапсырма негізінде жасалып жатқан композицияда түркі қағаны төрде кеңес өткізіп отыр. Астындағы тағы қос арғымақта отыр­ғандай жасалған. Ал қыз­метшілері бір саты тө­меннен әлдеқандай хат ұсынып тұр. Буып, мөр соғылған хат алтын түстес табаққа салынған. Музей қызметкерінің айтуынша, табақ Моңғолиядағы Орхон-Енисей өзені ма­ңында жерленген Білге қағанның мемориалдық кешенінен табылған ­ негізінде жасалыпты.

– Қаған көмекші­лерінің жаңғыртпасын жуықта музейімізге әкел­дік. Бірақ мұны­мен композиция аяқ­талған жоқ. Белдік жап­сыр­масындағы бейне негізінде толықтырылып отырады. Ондағы суретте қағанның көмекшілері, қолбасшылары бейнеленген, – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейі­нің тарихты, археология­ны және этнография­ны ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Шұғыла Меделбек.

Толықтырылып жат­қан жаңғыртпада VII–VIII ғасырдағы түркілердің құрылтайы бейнеленбек. Байқап қарасақ, қыз­метшілерінің өзі қа­рапайым адам болмаған. Олай дейтініміз, шапандары жібек матадан тігіліп, белдіктері алтын жапсырмалармен безендірілген. Саптама етіктері таза былғары. Бір ғана айырмашылығы асынған қарулары жоқ. Тарихшылардың айтуынша, ол заманда қағанның алдына қай қызметкер, қай қолбасшы болсын, қарусыз кірген. Бұл бі­регей композиция мұ­нымен бітпейді. Күл­тегіндегі жазбалары бо­йын­ша жыл сайын то­лық­­тырылып отырады.

 

Шығыс Қазақстан облысы