• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 08:15

«Аlmaty Open» турнирі аяқталды

20 рет
көрсетілді

11–19 қазан ара­лығында Алматы қаласында АТР 250 санатын­дағы «Аlmaty Open» тур­нирі өтті. Не­гізгі сеткада 28 спор­тшы өнер көр­сетті.

Жыл санап беделі артып келе жат­қан турнирге биыл К.Хача­нов, Д.Медведев, Я.Штруфф, М.Макдональд, К.Муте, Ф.Кобол­ли, Б.На­ка­шима, Х.Меджедович, Ф.Ма­рожан, Л.Нарди сынды танымал теннисшілер қатысты.

Бір апта бойы алматылық­тардың көзқуанышына айналған тартысты турнирдің финалында ресейлік Даниил Медведев француз Корентен Мутені 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңді. Қарсыластар кортта 2 сағат 36 минут өткізді. Д.Медведев кездесу барысында сегіз рет эйс жасап, бес қосар қате жіберіп, мүмкін болған тоғыз брейк-пойнттың төртеуін іске асыра алды.

Бір «Үлкен дулыға» турнирі­нің жеңімпазы (АҚШ-тың 2021 жылғы ашық чемпиона­ты), жеке разрядтағы бес «Үл­кен ду­лығаның» финалисі (2019, 2023 жылдарғы АҚШ чемпионаты, 2021, 2022, 2024 жылдарғы Аустралия ашық чем­­пионаты), 2020 жылғы ATP қо­рытынды турнирінің жеңім­пазы, 2021 жылғы ATP қорытынды турни­рінің фи­налисі, даңқты Даниил Мед­ведев 2023 жылдың мамырында Рим қаласындағы турнирде жеңіске жеткелі бері алты рет финалда ойнаса да, тек жеңілістің ащы дәмін татып келген еді. Алматыда сол серияны тоқтатып, жеңімпаз атанды.

Айта кетерлігі, турнирдің был­тырғы жеңімпазы, ресейлік К.Хачанов бірінші ойынында-ақ жеңіліп қалды. Сондай-ақ өкінішке қарай, жерлестеріміз де бұл турнирде сәтсіз өнер көр­сетті. Б.Жұқаев, А.Омарханов, Т.Скатовтар алғашқы ойындарында жеңіліс тапса, А.Шев­ченко екінші айналымнан аса алмады.