• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Бүгін, 08:25

Көшет – көшенің сәні

40 рет
көрсетілді

Екібастұз қаласында ауқымды көгал­дан­дыру акциясы өтті. Эко­логиялық іс-шараға билік өкілдері, қоғамдық, жас­тар ұйымдары өкілдері, депутаттар, кәсіпорын қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жайлы орта құру мақсатында қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы Ертіс-Баян өңірінде сәтімен орындалып жатыр. Соның бір мысалы, Екібастұзда жүзеге асып жатқан көгалдандыру іс-шаралары. Жуырда вокзал маңындағы гүлзарда 300-ден астам қайың мен балқарағай көшеті отырғызылды. Бұған дейін Екібастұз қаласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағы мен көшелерде 600 түп ағаш егілген еді. Жақын арада қала гүлзарларына қосымша 130 қарағай мен терек көшетін отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен қатар санитарлық мақсатта қураған ағаштарды кесу жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде шамамен 5000 түп ағаш кесіліп, апатты жағдайдағы 250 ағаш жойылды.

Өңір басшысы Асайын Байханов экологияға қамқорлық көрсету бір реттік ғана іс-шара емес, әрбір адам­ның күнделікті өмірінің бір бөлше­гіне айналу­ға тиіс екенін атап өтті. «Мұн­дай акция табиғатқа де­ген қамқорлықтың аясында адамдарды бір арнаға бірік­тіреді. Қалаларды, ­ауыл-аудандарды жайлы әрі көрікті ету жұмыстары тұрақты түрде жалғаса береді», деді облыс әкімі.

 

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы