• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Пікір Бүгін, 07:43

Автоөнеркәсіптің әлеуеті күшейеді

20 рет
көрсетілді

«Кia Qazaqstan» зауытының ресми түрде ашылған күні – біз үшін ұмытылмас күн, тарихи сәт десек болады.

Бүгіннен бастап көптен күт­кен жаппай өндіріс тәртібіне көштік. Мен «Кia Qazaqstan» зауы­тының дәнекерлеу цехын бас­­қарамын. Цехтың жалпы ауда­ны 14 мың шаршы метр болады. Мұнда бір ауысымның ішінде 125 дәнекерлеуші жұмыс істейді.

Екі ауысымдық жұмыс режі­мінде жылына 50 мың шанақ құрастырамыз. Яғни сағаты­на шамамен 16 шанақ жасап шығарамыз. Ал кәсіпорын то­лық өндірістік қуатына көш­кен соң, бұл меже 70 мыңға дейін артады. Цехтағы өндіріс­тік желілердің 58%-ы авто­маттандырылған. 41 дәнекерлеу роботы жұмыс істеп тұр. Жал­пы, негізгі желілердің 96%-ы авто­матты режімде жұмыс істей­ді. Роботтар шанақтың қаң­қасы мен негізгі сүйектерін дәнекер­лейді. Қол жұмысын қажет ететін желілерде біздің мамандар шанақтың орталық, артқы бөлігін, алдыңғы, артқы еденін, сол жақ және оң жақ доңғалақ белдемесі сияқ­ты қосалқы торап­тарды дәнекер­лейді. Дәнекер­леушілердің жұмы­сынан кейін шанақ бояу цехына кіреді.

Біріншіден, Қостанайда «Kia» брендтерін жасап шыға­ратын жаңа зауыттың ашылуы – жалғыз осы өңір немесе еліміз үшін ғана емес, бүтіндей Орталық Азия мемлекеттері мен ТМД кеңістігіндегі елдер үшін де аса маңызды оқиға. Яғни біздің зауыт еліміздің экспорт­тық әлеуетінің арта түсуіне айтарлықтай ықпал етеді.

Екіншіден, «Кia Qazaqstan» зауытында көбіне жастар жұмыс істейді. Демек, жастарға шетелге шықпай-ақ, осы өзіміздің кәсіпорынның ішінде жүріп автоөнеркәсіп саласындағы озық технологияны меңгеріп, «ақылды» желілерде жұмыс істеу мүмкіндігі туып отыр. Мұ­ның сыртында, көптеген жас ма­ман шетелдік инженерлердің жетек­­шілігімен арнайы білік­тілік арттыру курстарында оқып, білім алып, оны тәжіри­бе­де көрсетіп, өздерінің осындай заманауи кәсіпорында еңбек етуге лайықты маман еке­нін дәлелдеді. Осы арқылы сапа­лы әрі жаңа құзыретке ие жұ­мыс­шылардың жаңа буыны қа­лыптасты. Әрине, алдағы уақыт­та да білім-білігімізді артты­рып, өндірістің жаңа белес­терін бағындырамыз деген ой­дамын. Үйренеріміз әлі де көп.

Үшіншіден, «Kia» басшыла­ры келешекте локализацияны мықтап қолға алуды жоспар­лап отыр. Көп кешікпей «Kia» автокөліктеріне қажет бөлшектер де өзімізден шыға бастайды. Бұл екі ел үшін де тиімді болмақ.

 

Дмитрий Парфенов,

«Кia Qazaqstan» зауыты дәнекерлеу цехының бастығы