• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мереке Бүгін, 16:36

Автожолшылар күні алғаш рет аталып өтті

10 рет
көрсетілді

Көлік министрлігінде алғаш рет Жол саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтіп, жол саласы ардагерлері мен жас буын және қызмет етіп жүрген ұйым өкілдері бас қосты, деп жазады Egemen.kz.

Биыл сала рекордтық көрсеткішке жетті. Нақты атағанда, 13 мың шақырымнан астам тасжолға жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Үздік мамандарға «Еңбек ардагері»,«Құрметті жолшы» төсбелгілері табысталған іс-шара барысында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев барша жолшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, алғыс білдірді.

«Жол салу – бұл жай ғана инфрақұрылым тұрғызу емес, бұл – сауда, туризм және халықтың әл-ауқатын арттырудың негізін қалау. Біздің міндетіміз – жол инфрақұрылымын одан әрі дамыту. Әсіресе, еліміздің көлік-логистика секторының іргетасын қалаған және зор құрметке ие сала ардагерлеріне ерекше алғыс айтамын», – деді Т.Ластаев.

Көлік министрлігінің мәліметінше еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 185 мың шақырымнан асады. Оның ішінде шамамен 25 мың шақырымы республикалық, 70 мың шақырымы жергілікті маңызға ие болса, қалған 95 мың шақырымы қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісін құрайды.