Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін алуым – үлкен мәртебе.
Бүгінде Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызмет атқарамын. Осы қызметте жүргеніме 25 жыл болды. Алған марапатым – сол еткен еңбегімнің өтеуі, ұжымның еңбегімді бағалауы. Әр кәсіптің өз қиындығы бар. Біздің жұмыс әлеуметтік осал топтағы азаматтарға көмек көрсету болғандықтан, бұл кәсібімді әрі еңбек, әрі сауапты іс деп қараймын.
Егемендік туралы декларация қабылдау арқылы тәуелсіздіктің алғашқы іргетасы қаланды. Содан бері де 35 жыл сырғып өте шығыпты. Осы уақыт аралығында байтақ еліміз адам танымастай өзгерді. Жылдан-жылға дамып, гүлденіп келеді. Сол жолда жұдырықтай жұмылып, ынтымақпен еңбек ете беру – баршамыздың ортақ борышымыз.
Жүрек қалауымен таңдаған мамандығын жетік меңгеріп, қиындығына төзіп, жемісіне қуанатын жандардың адал еңбегі әрқашан да еленгені жөн.
Шымкент