• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Марапат Кеше

Құраш МАХҰЛОВ ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері

40 рет
көрсетілді

Бала кезімізден үлкендердің «Еңбекпен тапқан нанның дәмі тәтті» дегенін жиі естуші едік. Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының қолынан ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін алғандағы әсерімді сөзбен жеткізу қиын.

Исатай ауданының Х.Ерғалиев ауылында тұрамын. Биыл «Жайықмұнайгаз» басқар­масында жұмыс істегеніме 40 жыл толды. Осы кезеңде мұнай-газ өндіруші оператор ретінде мол тәжірибе жинадым. Бастапқыда білікті мұнайшылардың тағылымға толы кеңесін тыңдадым, өнегелі ісінен үлгі алдым. Ел экономикасының жетекші саласында жұмыс істеудің өзіндік қиындығы бар. Жер астындағы табиғи байлықтың үздіксіз өндірілуін, топыраққа төгілмеуін ұдайы қадағалау қажет. Бұл – біздің күнделікті атқаратын міндетіміз.

Кейінгі жылдары қарапайым еңбек адамы­ның мәртебесін көтеруге ерекше назар аудары­лып келеді. Бүгінгі жұмысшылардың мемле­кеттік наградалармен марапатталып, абыройы­ның асқақтағаны жастардың еңбек етуге қызы­ғу­шылығы мен құлшынысын оятады.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар