• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 10:36

Алматы бюджетінің кірісі биыл 1,6 трлн теңгеге жетті

20 рет
көрсетілді

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Алматының жергілікті бюджетінің кірісі 1,6 трлн теңгеге жетті. Қала әкімдігі бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артық екенін мәлімдеді. Болжам бойынша, жыл соңына дейін қала бюджетіне түсімдердің жалпы көлемі 2,3 трлн теңгеден асуы мүмкін, бұл мегаполис тарихындағы рекордтық көрсеткіш болуы ықтимал, деп жазады Egemen.kz.

Осы тұрақты өсімнің арқасында Алматы тарихында алғаш рет қала бюджетіне түсімдердің жалпы көлемі 2025 жылдың соңына қарай 2,3 трлн теңгеден асуы мүмкін. Бұл рекордтық көрсеткіш 35 жыл ішінде жасампаздық пен прогрестің символына айналған мегаполистің тұрақты дамуының тікелей көрінісі.

Алматыда инновациялар мен кәсіпкерлікті ынталандыру үшін жаңа технопарктер мен бизнес алаңдар белсенді түрде құрылып жатыр. Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларды, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау күшейтіліп отыр. Қала тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, көлік пен денсаулық сақтау саласына «ақылды» технологияларды енгізеді, бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасын және басқару тиімділігін айтарлықтай арттырады.

«Оңтүстік астана экономикалық өсімді, инновацияларды және адамға қамқорлықты үйлесімді үйлестіре отырып, күн сайын жаңартылып, болашақтың жайлы, заманауи және тұрақты қаласына айналып келеді», деп хабарлады мегаполистің баспасөз қызметі.

Қалалық салаларға – ТКШ, көлік және денсаулық сақтау салаларына қалалық басқарудың тиімділігін арттыруға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «ақылды» технологиялар енгізіліп жатыр.

«Алматы күн сайын жаңарып, экономикалық өсімді, инновацияларды және адамға қамқорлықты ұштастырып, болашақтың жайлы, заманауи және тұрақты қаласына айналып келеді», деп түйіндеді қала әкімдігі.

Бұған дейін Алматыда осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шағын бизнес 670 млрд теңге салық түсімін қамтамасыз еткені айтылған болатын. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артық. Алматыда ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шағын бизнес 670 млрд теңге салық түсімін қамтамасыз етті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артық. Қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың айтуынша, тұрақты макроэкономикалық жағдай мен кәсіпкерлікті қолдау шаралары аясында оң динамика байқалады.

«Біз қазір жаңа Салық кодексі және оның экономика мен кәсіпкерлік саласына әсері туралы үлкен пікірталастар жүріп жатқанын білеміз. Біздің болжамымыз бойынша келесі жылы инфляцияның қалыпты деңгейі күтіліп отыр, бұл ретте шағын және орта бизнес бойынша кірістер сақталады. Алматының жергілікті бюджетіне салық базасының түсімдері бойынша барлық жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізіледі», деп атап өтті Олжас Смағұлов.

Оның айтуынша, 2026 жылы бюджеттің кіріс бөлігі салық түсімдерінен 2,6 трлн теңге деңгейінде болу керектігі жоспарға алынған, ал 2025 жылы 2,3 трлн теңге көлемінде орындалуы күтіліп отыр.

«Жаңа Салық кодексін ескере отырып, біз ағымдағы деңгейден 300 млрд теңгеге артық түсімді қамтамасыз етуіміз керек, оның ішінде ҚҚС және басқа да новеллалар есебінен», деп толықтырды әкім орынбасары.

Сонымен қатар, қалалық экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов хабарлағандай, фискалдық шаралармен қатар ШОБ-ті қолдаудың қаржылық құралдары да сақталатын болады.

«Даму» қорымен және Қазақстанның Даму банкімен бірлесіп келесі жылы Алматы үшін жергілікті жаңа бағдарламалар әзірлеу жоспарланып жатыр. Бәлкім, олар «Өрлеу Алматы» бағдарламасының шеңберіне енетін шығар. Қазір біз қолдау үшін ШОБ қызметінің басым бағыттары мен түрлерін анықтап жатырмыз. Қараша айында жекелеген шараларды енгізу күтіліп отыр», деп атап өтті Б.Құдайбергенов.

Алматы әкімдігі қала экономикасының басты драйверлерінің бірі болып отырған шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлуді жалғастырып жатыр.