• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 10:50

Бектенов Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосуды тапсырды

30 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Энергетика, Жасанды интеллект және Қаржы министрліктеріне 2026 жылдың соңына дейін энергетика салаларында Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосуды тапсырды. Бұл бастама Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы тапсырмалары аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Энергетика, Жасанды интеллект және Қаржы министрліктері Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосып, отын-энергетика кешенінде инфрақұрылым операторының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл – энергетика саласының барлық субъектілерін киберқауіптерден қорғауға бағытталған маңызды қадам», деді Премьер-министр.

Жобаны іске асыру барысына бақылау мен үйлестіру міндеті Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.