• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 10:06

Инвестиция тарту артады

20 рет
көрсетілді

Қазақстан 2029 жылға қарай еліміз жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) деңгейін $450 млрд-қа дейін екі есе өсіруді және кемінде $150 млрд көлемінде инвестиция тартуды мақсат етіп отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Инвестициялық саясат

Бизнестің біртұтас экожүйесін қалыптастыратын Инвестициялық саясаттың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы жаңартылған. Инвестициялық штаб құрылған, ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылған.

Енгізілген «Инвестицияға тапсырыс беру» қағидаты бәсекелестік артықшылықтарды ескере отырып, өңірлік және салалық ұсыныстарды жасақтайды.

Басым салалардағы құны $60 млн-нан асатын инвестициялық жобалар үшін Қазақстан заңнамасының 25 жыл бойы тұрақты болатынына кепілдік беретін инвестициялар туралы келісім жасасу қарастырылған. 2024 жылы осындай 6 келісім, 2025 жылы тағы 21 келісім жасалған.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға ерекше көңіл бөлініп отыр, сондай-ақ ағылшын құқығы қағидаты бойынша қызмет ететін, «жасыл» және исламдық қаржы құралдарын қолдайтын  «Астана» халықаралық қаржы орталығы да қарқынды дамып жатыр.

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы

Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі жетекші инвестициялық бағыттардың бірі ретіндегі мәртебесін сақтап қала алды. ЮНКТАД деректеріне сәйкес, 2024 жылы теңізге шыға алмайтын елдерге арнап жарияланған 5 greenfield-жобаның төртеуі Қазақстанда жүзеге асты.

Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестиция көлемі $17,2 млрд-ты құраған, 45 жаңа жоба жүзеге асырылып, 6 200 жұмыс орны ашылған.

Инвестицияның негізгі бағыттары:

тау-кен өндіру өнеркәсібі – $6,5 млрд, 

өңдеу өнеркәсібі – $2,8 млрд,

сауда – $5,3 млрд,

кәсіби және  ғылыми қызмет – $0,9 млрд.

Аса ірі инвесторлар: Ресей ($4,1 млрд), Нидерланды ($3,8 млрд), Оңтүстік Корея ($1,2 млрд), Бельгия ($1,2 млрд), Қытай ($1,2 млрд).

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны $10,1 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға артық.